«Ресейдің келесі проблемасы – Қазақстан»: Сыртқы істер министрлігі не деп жауап берді?
Ресейдің «Россия 1» арнасындағы «Вечер с Владимиром Соловьевым» саяси ток-шоуында саясаттанушылар Ресейдің келесі проблемасы – Қазақстан деп атады.
– Біздің келесі мәселеміз – Қазақстан. Себебі, ол жерде де Украинадағы секілді ұлтшылдық процесі басталуы мүмкін. Қазақ жерінде орыстар өте көп. Семей мен Росатомның ядролық материалдары да сол жақта, – дейді сарапшылардың бірі.
Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Россия 1» арнасында «сарапшылардың» «Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деген мәлімдемесіне жауап берді.
– Біздің ойымызша, бұл біріншіден, Ресей билігінің ресми ұстанымы емес. Екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі тығыз қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Үшіншіден, Ресей билігінің оған реакция білдіргені жөн деп санаймыз, – деді Роман Василенко.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.