Ресейдің мемлекеттік Дума депутатын Қазақстанға кіргізбей қойған
Қазақстанға қатысты даулы пікірлер айтатын Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулинге Қазақстанға кіре алмады, деп хабарлайды Exclusive.kz rbc.ru-ге сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина аумағындағы ЛХР мен ДХР секілді квазимемлекеттік құрылымдарды ешқашан мойындамайтынын айтты. Депутат Қазақстан президентінің пікірін сынап, «ескерту» жасады.
– Біз барлық жерде достық болса, Ресей мен Қазақстанның арасында ынтымақтастық пен әріптестік бола беретінін айтып келеміз. Ал егер де… достық болмаса, онда Қазақстанда Украинадағыдай жағдай қайталанады, – деді ол.
Ақпаратқа сәйкес, Константин Затулин паспортты тексеру пунктінде қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ресей Сыртқы істер министрлігінің араласауымен мәселе шешілді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.