Ресейлік «БИ-2» Семей халқына алғыс айтты
Ресейлік «БИ-2» рок-тобы Семейде қайырымдылық концертін өткізіп, қала тұрғындарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Рахмет, Семей! Біз кеше сіздермен бірге өте маңызды іс жасадық! Рахмет, қымбатты достар! Қайта жүздескенше, Қазақстан! – деп жазды топ әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, БИ-2 тобының концертінен түскен қаражат түгелдей Абай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендерге аударылады.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.