Ресейлік Би-2 тобының Семейдегі концерті өтетін болды
Ресейлік Би-2 тобының Семейдегі концерті өтеді. Бұл туралы ұйымдастырушылар мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Бұған дейін Семей қаласының әкімдігі ресейлік Би-2 тобының концерт өткізуіне рұқсат бермеген туралы ақпарат тараған еді.
Ресейлік Би-2 тобы Семейде 21 маусым күні концерт өткізіп, концерттен түскен қаржыны Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге аударады.
Айта кетейік, әншілер бүгін Семейге келгендері туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Фото: Риа
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.