Ресейлік депутат Украинаға соғыс жариялауды ұсынды
Ресей Думасының қорғаныс комитетінің мүшесі Виктор Соболев арнайы операцияны аяқтап, нақты соғыс жариялау керектігін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Әзірге біз олармен салтанатты түрде соғысып жүргенде, бейбіт азаматтар мен балаларды бомбалау жалғаса береді. Брянск облысында 10 жасар бала жарақат алды. Мұны арнайы операция деп ақтауға болмайды, – деді Соболев.
Бұған дейін ресейлік БАҚ украина сарбаздарының Брянск облысына кіргені туралы хабарлаған еді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.
Еске салайық, 20 ақпан күні Украина жеріне АҚШ президенті Джо Байден келген еді. Ақ үй басшысы Киевке көмек көрсетінін атап өтті.
Фото: Сегодня
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.