Ресейлік имам Қазақстанда тренинг өткізуден бас тартты
Ресейлік дін қайраткері және блогер Шамиль Аляутдинов Қазақстанда өтетін бір күндік бизнес-тренингтен бас тартқанын мәлімдеді. Тренинг 4 желтоқсан күні Астанада өтуі керек еді.
– Өмір тамаша! Құрметті қазақстандықтар, мен наразылық тудырмау үшін және ұйымдастырушылар мен спикерлерге мәселе туғызбау үшін Астанаға (Қазақстанға) бармаймын! – деді блогер.
Айта кетейік, бұған дейін Алекс Лесли лақап атымен танымал ресейлік блогер Александр Кириллов Қазақстанға келетінін айтқан.
Кейін Александр Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғаны белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.