Ресейлік кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды - Exclusive
Поддержать

Ресейлік кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды

Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Forbes тізіміндегі ресейлік кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Тимур Турлов Instagram парақшасында жаңалықпен бөлісті.

Оның айтуынша, балалары осында тұрады және білім алады. Кәсіпкер Қазақстан азаматы атанғанын мақтан тұтатынын да айтты.

– Қазақстан маған үлкен шабыт сыйлады, бұл жақтан көп дос таптым. Менің балаларымның бәрі осында тұрады және оқиды. Қазақстан – тәуелсіз, көпұлтты ел. Мұнда ұлты мен діні басқа көптеген ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп жатыр. Азаматтардың көбі екі тілде сөйлейді. Қазақстанда маған ұнайтын оң өзгерістер болып жатыр. Біздің холдингтің командасына қаржы әлемінде үздік өнімдер жасауға мүмкіндік беретін цифрлық трансформацияға қатысты өзгерістер тез даму үстінде.
Дәл осы жерде біздің холдингтің #NASDAQ атауымен штаб-пәтері орналасқан. Мен Қазақстан азаматы атанғанымды мақтан тұтамын, – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанға америкалық және еуропалық компанияларды тартатынын жазды.

– Бұл холдингтің атынан Қазақстанға америкалық және еуропалық компанияларды тартатын боламыз. Мен мұнда үлкен өзгерістер болатынын сеземін. Қазір мұнда көп мүмкіндік бар. Қазақстан – әлемдегі ең тартымды мемлекеттердің бірі. Мен қазақша үйренемін, жақында қазақша сөйлейтін боламын, — деді Турлов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *