Ya Metrika Fast


English version

Әйгерім Тілеужан отырған изоляторда әйелдер аштық жариялады

Контекст дня — 26 июля 2023 17:00
0
Изображение 1 для Әйгерім Тілеужан отырған изоляторда әйелдер аштық жариялады

Алматыдағы №72 тергеу изоляторында әйелдер аштық жариялады. Бұл туралы адвокат Айнара Айдарханова мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

– Әйелдер жетекшілікке арыз жазған, себебі оларды басқалардан бөлек ұстауы керек. Бірақ 72 әйел ортақ камерада отыр, олардың құқығы бұзылып жатыр. Әйгеріммен бір камерада отырған әйелдердің ішінде біреуінің астмасы асқынған, екіншісінде эпилепсия бар. Әйгерім айғайлап көмек шақырмағанда олардың жағдайы қиын болар еді. Белгілі бір ауруы бар адамдарды арнайы камерада дәрігердің бақылауында ұстау керек, – деп жазды адвокат Айдарханова.


Айта кетейік, наразылық білдірген әйелдердің көбі изолятордағы жағдай мен өздеріне қатысты шыққан сот үкіміне келіспейді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.