Ya Metrika Fast


English version

Риддер қаласының әкімі ауруханада көз жұмды

Контекст дня — 21 апреля 2023 15:35
0
Изображение 1 для Риддер қаласының әкімі ауруханада көз жұмды

Риддер әкімі Дмитрий Горковой ауруханада қайтыс болды, — деп хабарлайды Exclusive.kz Риддер қалалық порталына сілтеме жасап.

– Бүгін қаламыздың әкімі Горьковой Дмитрий Анатольевич мезгілсіз дүниеден өтті. Оның жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, – деп хабарлады басылым.

Дмитрий Горьковой ШҚО тумасы, 1983 жылы 6 қазанда дүниеге келген. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.


Дмитрий Горьковой еңбек жолын 2007 жылы ШҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы органдарында бастады.

2015 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылға дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Yk-News.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.