English version

Риддерде ЖЭО тоқтап, қала жылусыз қалды

Контекст дня — 24 октября 2022 17:30
0 -1

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде мазуттың сапасыздығына байланысты ЖЭО тоқтап, қала жылусыз қалды. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

– ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламады, ол сумен араласып кеткен. Нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, – деді облыс әкімі.

Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлылығы бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Даниал Ахметов жақын арада ЖЭО қазандықтарын іске қосу алгоритмін әзірлеп, қала тұрғындарына ұсынатынын айтты. Сондай-ақ ЖЭО-ға Өскеменнен 20 тонна мазутпен алғашқы көлік шыққанын хабарлады.

– Бір сағат ішінде жол полициясының сүйемелдеуімен тағы 50 тонна жөнелтіледі, сондай-ақ ҚазМырыш отын жеткізеді. Қала тұрғындарының үрейленуіне ешқандай себеп жоқ, – деді өңір басшысы.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Риддерде ЖЭО тоқтап, қала жылусыз қалды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.