English version

Рим Папасы орыстар мен украиндарды бір-бірін кешіруге шақырды

Контекст дня — 26 февраля 2023 18:00
0

Бүгін Рим Папасы Франциск Ресей мен Украинаны келіссөздер үстеліне отыруға шақырды. Бұл туралы Дүниежүзілік ескі сенушілер одағының (WBU) төрағасы Леонид Севастьянов айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

– Рим Папасы орыстар мен украиндарға бір-бірін кешіруді және арадағы ренішті ұмытып, келіссөздер жүргізуді ұсынды, – деді Севастьянов.

Севастьяновтың айтуынша, понтифик христиандық қасиет – өзара кешірім және адам өмірін қорғау деп санайды.

Православие дәстүрі бойынша, 26 ақпан күні, жексенбіде христиандар адамдармен арадағы барлық реніштерін еске түсіріп, кешіру қажет және олармен татуласуы керек.

Фото: Газета.ру


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.