Ya Metrika Fast


English version

«РОП Оператор» компаниясы толығымен мемлекет меншігіне өтті

Контекст дня — 19 декабря 2023 17:45
0
Изображение 1 для «РОП Оператор» компаниясы толығымен мемлекет меншігіне өтті

Экология министрі Ерлан Нысанбаев «РОП Оператор» компаниясы толығымен мемлекет меншігіне өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Бүгінде РОП 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын. Бұған дейін бұл жеке кәсіпорын болған және оның (Назарбаеваның — ред.) кәсіпорны болған шығар, мен нақтысын білмеймін. Бірақ бүгін ресми түрде қалдық өңдеумен айналысатын кәсіпорынның Назарбаеваға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеймін, – деді Нысанбаев.

Айта кетейік, бұған дейін РОП компанияның Назарбаеваға тиесілі екені туралы бірқатар БАҚ ақпарат таратқан еді.


Ал компанияның негізін қалаушы Әлия Назарбаеваның көмекшісі Шынар Мұқтарова БАӘ-ден Қазақстанға жеткізіліп, шартты түрде 7 жылға сотталды.

Коллаж: ulysmedia


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.