«Росатом» Қазақстан үшін АЭС жобасын әзірлеуге дайын – Путин
Ресей Қазақстанға АЭС жобасын құруға көмектесуге дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қазақстан өз аумағында атом электр станциясын салу мәселесін қарастырып жатқаны белгілі. Егер осы жобаны іске асыру туралы шешім қабылданса, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, ең озық технологияларға ие жобаны әзірлеуге дайын, – деді Ресей президенті.
Путиннің айтуынша, АЭС салу Қазақстан экономикасының энергия қуатын арттырады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалайтынын айтқан еді.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.