Өрттен қаза тапқан орманшының бірі жүкті болған
Абай облысындағы алапат өрт кезінде қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болған. Бұл тұралы марқұмның досы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
33 жастағы Мейрамгүл Жиенбаева «Семей орманы «РММ Новошульба филиалының басшысы болған.
– Филиал басшылығы бірінің артына бірі тығылып, кабинеттерінде жүріп күні бойы түк те істеген жоқ. Содан кейін марқұм Мейрамгүл қоңырау шалып, «7 шақырым қалды, 2 шақырым қалды» деп қайта-қайта дабыл қақты. Соңғы рет байланысқа шыққан кезде төбеден келетін өрттің ортасында қалғанын хабарлады, – деді Успенка ауылының тұрғыны Шолпан Кенжебаева.
Шолпан Кенжебаеваның айтуынша, Мейрамгүл жүкті болған. Бородулиха ауданы бойынша бас дәрігер Айжан Амангелді жүктілігіне байланысты Мейрамгүлдің тіркеуге тұрып үлгермегенін, мұндай ақпарат жоқ екенін айтты.
Фото: gov.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.