Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
19 сәуір күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.
![](https://exclusive.kz/wp-content/uploads/2023/04/ca6ed144-c6ce-4210-8728-192487682d88-1024x683.jpeg)
Тарихы 18 ғасырдан бастау алатын, ел арасына кең тараған бұл шығарма екі жастың махаббатын жыр етеді. Қойылымның қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
![](https://exclusive.kz/wp-content/uploads/2023/04/1efd5ce4-c762-4a8e-a4ea-f39df4cc9d57-1024x683.jpeg)
Қойылым екі актерлік құрамнан тұрады. Сәуегей абызды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Бекжан Тұрыс пен Бақтияр Қожа, Еңлікті – Захира Рахымжан мен Мақпал Қасенова, тобықты батыры Кебекті – Әділет Базарбайұлы мен Ғалым Амангелдіұлы, найман батыры Есенді – Нұрғиса Қуанышбайұлы мен Қасым Демеу, Жапалды – Құрақ Алмат пен Бекет Райымбек сынды актерлер сомдайды. Премьера халықтың көңілінен шықты.
![](https://exclusive.kz/wp-content/uploads/2023/04/1dfba948-7ea0-4ea8-9ad1-78b2c69e6a8d-1024x683.jpeg)
Қойылым режиссері Оразбеков ол заманда жастар арасында теңдік болмағанын және қандай жағдайда да дала заңына естен шығармау керектігін айтты.
![](https://exclusive.kz/wp-content/uploads/2023/04/7b6b92e7-a67c-455c-87ce-c26e931f1efa-1024x683.jpeg)
Айта кетейік, бұған дейін «Еңлік-Кебек» туындысы үш режиссердің сахналауымен үш нұсқада қойылған еді.
Фото: Әуезов театрының баспасөз қызметі
Комментариев пока нет