English version

Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Контекст дня — 22 апреля 2023 17:15
0 -1

19 сәуір күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.

Изображение 1 для Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Тарихы 18 ғасырдан бастау алатын, ел арасына кең тараған бұл шығарма екі жастың махаббатын жыр етеді. Қойылымның қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

Изображение 2 для Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Қойылым екі актерлік құрамнан тұрады. Сәуегей абызды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Бекжан Тұрыс пен Бақтияр Қожа, Еңлікті – Захира Рахымжан мен Мақпал Қасенова, тобықты батыры Кебекті – Әділет Базарбайұлы мен Ғалым Амангелдіұлы, найман батыры Есенді – Нұрғиса Қуанышбайұлы мен Қасым Демеу, Жапалды – Құрақ Алмат пен Бекет Райымбек сынды актерлер сомдайды. Премьера халықтың көңілінен шықты.

Изображение 3 для Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Қойылым режиссері Оразбеков ол заманда жастар арасында теңдік болмағанын және қандай жағдайда да дала заңына естен шығармау керектігін айтты.

Изображение 4 для Рушылдықтың құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Айта кетейік, бұған дейін «Еңлік-Кебек» туындысы үш режиссердің сахналауымен үш нұсқада қойылған еді.

Фото: Әуезов театрының баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.