Рысбек Сәрсенбайұлы реанимациядан шықты
Бүгін қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы мен әйелін, құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованы полиция үйінің маңынан ұстап әкетті. Алматы облысының полиция департаменті Рысбек Сәрсенбайға бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сәрсенбайдың ұсталғаны туралы ақпарат жария болған еді. Кейін Рысбек Сәрсенбайұлын ауруханаға алып кетті.
Адам құқығын қорғау бюросының мәліметінше, қазіргі уақытта Рысбек Сәрсенбайұлы реанимациядан шығарылған.
Фото: Адам құқығын қорғау бюросы
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.