Сұйытылған газ литріне 2 теңгеге қымбаттауы мүмкін – министр - Exclusive
Поддержать

Сұйытылған газ литріне 2 теңгеге қымбаттауы мүмкін – министр

Сұйытылған газдың көтерме бағасы екі теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

– Алдағы 180 күнде баға 20 пайыздан аспауы мүмкін. Егер қазір баға тоннасына 28 мың теңге деңгейінде белгіленсе, онда 36 мың теңге болады. Көтерме бағасы литріне 17 теңгеден 19 теңгеге дейін көтеріледі. Яғни, литріне екі теңге ғана. Жанармай құю бекеттерінің бағасы бақылауда болады, — деді Энергетика министрі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ақшолақов Үкімет Қазақстанның ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға ниетті екенін атап өтті.

– Есептеулер бойынша, литріне екі теңгеге қымбаттайды. Менің ойымша, бұл үлкен айырмашылық емес. Біз жарты жыл бақылауға аламыз, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі, біздің министрлік, барлық тікелей органдар негізсіз қымбаттауды бақылауға қарайтын болады, — деп түсіндірді ол.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.