English version

СҚО әкімі туысының агробизнесі туралы сұраққа жауап берді

Контекст дня — 21 июня 2023 18:10
0 -1

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров агробизнеспен айналысатын ағасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші «облыс әкімі туысың болғанда ісің үнемі өрге басады. Бұл жерден мүдделер қайшылығын көрмейсіз бе?» деп сұрады.

– Менің облысқа басшы болғаныма бірінші жыл. Ағам 1995 жылы ауыл шаруашылығымен айналыса бастады, өзі агроном, Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығын жақсы меңгерген. Сондықтан өз ісімен айналысады, ешқандай қайшылық жоқ. Барлығы заң аясында. Керісінше, менің тағайындалуымнан оның жұмыс істеуі одан да қиын болады, өйткені қазір әлеуметтік саламен айналысуға мәжбүрлеп жатырмыз, – деп жауап берді Сапаров.

Өңір басшысының айтуынша, оның ағасына субсидия бөлуді Бас прокуратура да тексерген.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.