Сәтқалиев Энергетика министрі қызметіне тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарған Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Ақорданың баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Энергетика министрі қызметін атқарған Болат Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.