Сағынтаев тағы бір қызметке тағайындалды - Exclusive
Поддержать

Сағынтаев тағы бір қызметке тағайындалды

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық ынтымақтастық Қаржы-Бизнес қауымдастығының бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланды.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығы – Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.