English version

Ертісбаев барлық саяси күштерді Тоқаевты қолдауға шақырды

Контекст дня — 6 октября 2022 12:40
0 -1

Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев қазіргі әлемдік турбуленттілік кезеңінде Қазақстан Орталық Азия өңірінде тұрақты қауіпсіздік аралы болып қала берді. Біздің міндетіміз – осы тұрақтылықты сақтау.

– Бұл ішкі саяси ойындар мен қақтығыстардың уақыты емес. Бірлік пен ақыл қажет. Сондықтан біздің партия кезектен тыс өтетін президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Бұл мәселеде біз ел мүддесіне сүйенеміз, – деді ҚХП төрағасы.

Ертісбаев биылғы жылы өткен жалпыұлттық референдум Жаңа Қазақстанның берік конституциялық негізін қалағанын айтты. Алдағы сайлау республиканың басқару жүйесін өзгертуді аяқтайды. Осыдан кейін елдің барлық саяси күштері әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүйелі және кешенді шешуге кірісе алады.

Төрағаны ҚХП басшысының бірінші орынбасары, «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясының басшысы Айқын Қоңыров қолдады.

– Біздің саяси платформамыз бен сайлауалды бағдарламамыз қазіргі мемлекет басшысының саясаты мен жоспарларымен толық сәйкес келеді, – деді ол.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.