Ya Metrika Fast


English version

Сайлауда оппозиция жеңсе ел үшін «апат» болады – Ердоған

Контекст дня — 12 марта 2023 16:00
0
Изображение 1 для Сайлауда оппозиция жеңсе ел үшін «апат» болады – Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сайлаушыларға оппозициялық альянстың сайлаудағы жеңісі ел үшін «апат» болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Exclusive.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

– Біз Түркияны ашкөз және бағыты жоқ коалицияның иелігіне қалдыра алмаймыз. Біз мұндай апатқа жол бермейміз, – деді Ердоған.

Айта кетейік, Түркияда 14 мамыр күні сайлау өтеді. Елдегі жоғары инфляция мен ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінен кейін халық дауыс беруді аса маңызды деп санайды.


Ердоған оппозицияның консенсус негізінде билік ету туралы уәдесін сынға алды. 10 наурыз күні Түркия басшысы президент пен парламентті сайлауға дайындықты бастау туралы Жарлыққа қол қойды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.