Сайлаудан кейінгі сапар: Тоқаев Путинмен кездесуде не айтты?
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Тоқаев кездесуде Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты.
Өткен айда біз екі ел үшін атаулы датаны – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өттік. Осы уақыт ішінде біздің мемлекеттер достық пен тату көршіліктің берік байланыстарына негізделген өзара тиімді стратегиялық әріптестік құра алды. Екі ел арасында сенімді, сындарлы диалог орнап, ынтымақтастықтың жоғары деңгейі қалыптасты, – деді Тоқаев Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысында.
Аталған кездесуде Тоқаев халықаралық сауда жағдайы мен геосаяси дағдарыс туралы пікір білдірді.
– Форум тақырыбы халықаралық сауда мен геосаяси дағдарыстың қазіргі жағдайында ерекше маңызға ие. Шынында да, барлық шектеулерді алып тастау және саудада өзара тиімді жағдайлар жасау, мемлекеттің сапалы экономикалық дамуының кілті болып табылады. Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз ерекше маңызға ие. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметтері бойынша, либералды сауда келісімдерінің бастауында тұрған әлемдегі ең дамыған елдер соңғы алты айда экспорттық шектеулерді енгізу қарқынын арттыруда. Мысалы, G20 елдері ағымдағы жылдың мамыр айынан қазан айына дейін сауда көлемі 160 миллиард доллардан аспайтын тауарларға 47 шектеу шараларын жүргізді. Бұл экспортқа үнемі тыйым салу, қосымша лицензиялық талаптар, квоталар мен баждар туралы. Осыған орай, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жаһандық үрдістерден өзгеше, – деді президент.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.