Сандуғаш Дүйсенованы полиция қызметкерлері жалаңаш күйінде видеоға түсірген
Жетісу облыстық полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсіргені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жетісу полициясы таратқан ақпаратқа сәйкес, жеке тінту кезінде тексеріс жүргізілген.
«Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі» деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде блогер, журналист Сандуғаш Дүйсенованың полиция бөлімінде жалаңаш күйде видеоға түсірілгені туралы ақпарат тараған еді.
Фото: facebook



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.