«Сапар жемісті болатынына сенімдімін»: Си Цзиньпин Мәскеуге барды
ҚХР басшысы Си Цзиньпин 2019 жылдан бері алғаш рет Мәскеуге барды. Бүгін ол Ресей президенті Владимир Путинмен бейресми кездесу өткізіп, келесі күні келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қытай басшысының сапары 22 наурызға дейін жалғасады. Кремль хабарлағандай, Си Цзиньпин мен Владимир Путин «Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл» қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған.
– Менің сапарым жемісті болатынына және Ресеймен қарым-қатынастың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін, – деді Си Цзиньпин.
Фото: Риа
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.