Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
СҚО-ның бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымын атқарған Ербол Қарашөкеев қызметінен босатылды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.