English version

Сара Назарбаева ашқан институттың атауы өзгереді

Контекст дня — 22 октября 2023 17:50
0

Республикалық ономастикалық комиссия экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева негізін қалаған «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының» атауын өзгертуге рұқсат берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес, келесі мемлекеттік нысандардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша атауларын өзгерту туралы оң қорытынды берілетін болды:

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынуы бойынша (…) «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» ендігі жерде «Өркен» балалар салауаттылығы ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» болып өзгертілсін».

Фото: azattyq


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.