Сарбаздар өліміне тек әскер ғана кінәлі емес – Жақсылықов - Exclusive
Поддержать

Сарбаздар өліміне тек әскер ғана кінәлі емес – Жақсылықов

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскердегі сарбаздар өліміне қатысты пікір білдірді. Министр сарбаздар өліміне тек әскер ғана кінәлі емес екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударған еді. Тоқаев осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырған.

– Бірінші кезекте себебін анықтау керек. Жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Бұған тек әскер ғана кінәлі емес. Әскерге келгендердің өміріне командирлер жауапты. Бірақ ол әскерге өз мәселелерімен келген. Біздің мәндетіміз сарбаздың әскери өмірге бейімделуіне көмектесу, — деді министр.

Фото: Қорғаныс министрлігі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.