Ya Metrika Fast


English version

«Сатқындық»: Путин Ресейдегі дүрбелеңге қатысты үндеу жасады

Контекст дня — 24 июня 2023 14:00
0
Изображение 1 для «Сатқындық»: Путин Ресейдегі дүрбелеңге қатысты үндеу жасады

Ресей президенті Владимир Путин бейнеүндеу жасап, «Вагнер» әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің іс-әрекетін «сатқындық» деп атады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Бізді әлсірететін, сыртқы жауларымыз пайдалана алатын кез келген жанжал тоқтауы керек. Ресей өзінің болашағы үшін ауыр күрес жүргізіп жатыр. Батыстың бүкіл әскери және ақпараттық машинасы Ресейге қарсы бағытталған. Біз өз халқымызды, мемлекеттілігімізді кез-келген қауіптен, соның ішінде ішкі жаулардан қорғаймыз. Ал біз тап болған нәрсе – сатқындық, – деді Путин.

Оның айтуынша, Пригожиннің амбициясы мен жеке мүдделері сатқындық әрі отанға жасаған опасыздық ретінде бағаланады.


– Саналы түрде сатқындық жасауға бел буғандар мен террористік әрекет жасағандар жақын арада жазаланады, заң алдында да, халық алдында да жауап береді. Қарулы күштер мен басқа да мемлекеттік органдарға қажетті бұйрық берілді, – деді Путин.

Айта кетейік, «Вагнер» жасағы Ростовта әскери төңкеріс жасамақ болды. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырған «Вагнер» әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.