Сатыбалдыұлы мемлекетке 44,6 млрд теңге қаражатты қайтарды
Антикор Төрағасы А. Жұмағали президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізіп, Антикор қосымша 44,6 млрд теңге қаражатты қайтарғаны айтылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке бірер күн бұрын қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылған.
Бұл қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
– Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен және басқа да құқықбұзушылықтармен байланысты екенін бәріміз білеміз. Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуы тиіс, – деді А. Жұмағали.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.