English version

Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Контекст дня — 28 сентября 2022 17:50
0 -1

Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін.

Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыұлын ақша жымқыру дерегінен бөлек, басқа да қылмыстарға қатысы барын тексереді.

– Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істі Антикор тергеді. Сотта тек екі эпизод қаралды. Басқа істер қазір тергеу сатысында. Экономикалық мәселелер қарастырылуда, – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Әзірге Қайрат Сатыбалдыұлының 2,5 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш беру мүмкіндігі болады.

Фото: Спутник


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.