Сауда министрі азық-түлік қоры туралы пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Сауда министрі азық-түлік қоры туралы пікір білдірді

Қазақстанның сауда және интеграция вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин азық-түлік жағдайына қатысты дүрбелең туғызбауды сұрап, өнімдердің жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Жұманғариннің айтуынша, Сауда және интеграция министрлігінің негізгі міндеті тапшылықты болдырмау әрі бағаны тұрақтандыру.

– 130 теңгеге сапалы пияз сатылады, мен өзім барып, көрдім. 14 ақпан күні Small-да пияз 339 теңге болды, кешегі бағасы – 302 теңгені құрады. Біздің міндетіміз – тапшылықты болдырмау, екіншіден тұрақты бағаны ұстау, үшіншісіден бағаның төмендеу үрдісін беру. Біз ақпан-наурыз айларында төмендеу үрдісін жасауымыз керек. Өнімдер жеткілікті, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ, – деді Жұманғарин журналистерге жауап беріп.

Сондай-ақ министр Magnum қауіпсіздік қызметі азық-түлікті сатып алып, кейін базарларда сататын 19 адамды анықтағын айтты. Бұл бағаның тұрақты болуына кері әсерін тигізеді.

Фото: Үкімет




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.