English version

Сауда министрі азық-түлік бағасының өсуіне әкімдіктерді кінәлады

Контекст дня — 7 февраля 2023 15:35
0 -1

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында кезекті Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жұманғариннің пікірінше, әкімдіктердің тиімсіз жұмысына байланысты өнімдердің бағасы өсіп жатыр.

– Өнімдердің бағасы көбінесе әкімдіктердің тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты өсіп жатыр, – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол бағаны тұрақтандыруға бағытталған тетіктердің тиімді жұмыс істемейтінін атап өтті. Маңғыстау облысында осы мақсаттарға көзделген 3,6 млрд теңгенің 2 млрд теңгесі тиімді жұмсалмағаны анықталды.

Фото: UKIMET


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.