Ya Metrika Fast


English version

Сауытбек Әбдірахмановтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Контекст дня — 15 августа 2023 09:20
0
Изображение 1 для Сауытбек Әбдірахмановтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;


Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

ҚР Француз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.