Сағынтаев тағы бір қызметке тағайындалды
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық ынтымақтастық Қаржы-Бизнес қауымдастығының бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланды.
Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығы – Еуразияның 26 елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет