«Сбербанк Қазақстанның» ресми атауы өзгереді
Қазастанда Сбербанктің атауы өзгерді. Бұл туралы Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев айтты.
– Ребрендинг міндетті түрде болады. Біз 1 қыркүйекте меншік құқығын беру бойынша транзакцияны жауып тастадық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақтың жақсы сөзі. Менің ойымша, бұл банктің осыған дейін жұмыс істеген құндылықтары мен ұмтылысын көрсетеді және әрі қарай жұмыс істей береді деп үміттенеміз, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобымен Қазақстандағы («Сбербанк» АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойған.
Фото: Sputnik
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.