Семейде жасөспірім қыздардың төбелесі бойынша тергеу басталды
Семейде аяусыз соққыға жығылған қыздың ісі бойынша полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– 15 сәуірде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы — «Бұзақылық «бойынша соталды тергеу басталды. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, заңды өкілдерімен бірге олар Полияция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деді Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
Айта кетейік, Семейде әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг арқылы қаладағы мектептердің бірінде оқушылардың дене жарақатын салған бейнежазба табылды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.