Семейдегі орман өртінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Абай облысындағы өрт сөндіру жұмыстары кезінде жоғалып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Долонский орман шаруашылығының қызметкері Сергей Архипов Қаштақ ауылына өртті жеткізбеу үшін трактормен жер жыртуға кетіп, қайтып оралмаған.
Жергілікті әкімдік онымен 9 маусымнан бері байланыса алмаған.
– Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ, өрт сөндіруге қатысы жоқ, күйік шалмаған мәйітін тапты. Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді, – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.
Фото: ҚР ТЖМ
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.