Сенат Назарбаевты бірнеше өкілеттігінен айырды
Парламент Сенаты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, Мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталған мектептер, ЖОО және Қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады. Атап айтқанда, Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы ҚР заңына Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау жөнінде түзетулер енгізілген.
Заңға сәйкес ҚР Президенті немесе Президент тағайындайтын тұлға Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады.
Сондай-ақ, дарынды балалардың НЗМ-де оқуын төлеуге арналған «Өркен» білім грантын енді Назарбаев емес, Тоқаев белгілейтін болды.
Фото: РБК
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.