«Сервис нашар»: Үкімет басшысы теміржол саласын сынға алды
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, теміржол саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Смайылов теміржол – көлік саласының және жалпы ел экономикасының күретамыры екенін айтты.
– Еліміз көптеген халықаралық бағыттар тоғысатын, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Азия мен Еуропа арасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі жыл сайын өсе түсуде. Тек қана Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау өткен жылы 23 млн тоннадан асты. Биыл бұл көрсеткіш тағы 22%-ке өсті, – деді Смайылов.
Үкімет басшысы жылжымалы құрам мен магистральдық желілердің тозу деңгейі шамамен 60%-ға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан ҚТЖ қызметіне қатысты көптеген шағымдар түсіп жатқанын мәлімдеді.
– Бұл – пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондарға қатысты. Ал, бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымдануда. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді, – деп атап өтті Премьер-Министр.
Фото: ОКҚ
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.