ҰҚШҰ мемлекеттеріне қауіп төніп тұр – Тасмағамбетов
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ТМД елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 11-ші кездесуінде сөз сөйлеп, жаңа қауіп-қатерлерге бірлесіп тойтарыс беруге дайын болу керектігін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Халықаралық-саяси ахуалдың нашарлауы, жаһандық және өңірлік деңгейде қақтығыстың күшеюі халықаралық қатынастар жүйесін басқару деңгейінің төмендеуімен қатар жүреді. Нәтижесінде негізгі ойыншылардың геосаяси және геоэкономикалық мүдделерінің қиылысу нүктелерінде дағдарыстық жағдайлардың пайда болады. Бұл біздің мемлекеттеріміздің ұлттық қауіпсіздік жағдайына теріс әсер етеді. Өкінішке орай, жаһандық деңгейдегі қарама-қайшылық аймақтық және тіпті субаймақтық деңгейлерде байқалады. Ескі проблемалар күшейіп, жаңалары пайда болады. Оларды шешу бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу үшін қосымша күш-жігерді қажет етеді. ҰҚШҰ кеңістіктегі қуатты ұжымдық әскери-саяси әлеуетті білдіреді. Сондықтан біз жаңа қауіп-қатерлерге бірлесіп тойтарыс беруге және аймақтық қауіпсіздікті қорғауға дайын болуымыз керек, – деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәскеуде ТМД елдері Қауіпсіздік кеңестерінің отырысы өткен еді.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.