English version

ШҚО-ны 8 жыл басқарған Ахметов қызметіне қайта тағайындалды

Контекст дня — 7 декабря 2022 16:50
0 -1

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

– Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, – делінген Жарлықта.

Осылайша, Даниал Ахметов 2014 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан лауазымын сақтап қалды.

Айта кетейік, Даниал Ахметов аймақ басшысы лауазымына үшінші рет тағайындалып отыр.

ШҚО әкімі лауазымына Катонқарағай ауданын басқарған, Ұлан ауданының 42 жастағы әкімі Ренат Құрмамбаев ұсынылды.

Бірақ дауыс берген мәслихат депутаттары тәжірибелі шенеунікті таңдады. Ахметовке 94 дауыс, Құрмамбаевқа 23 дауыс берілген.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.