English version

Ұшақ сатып алуға қаржы бөлінбеген – төтенше жағдайлар вице-министрі

Контекст дня — 15 июня 2023 16:30
0 -1

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстанда өрт сөндіруге арналған ұшақтардың жұмысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Журналистер ТЖМ вице-министріне сұрақ қойды. Күлшімбаев әлі күнге дейін ұшақ сатып алу үшін қаржы бөлінбегенін айтты.

– Бізде су төгетін құрылғылары бар 33 тікұшақ бар. Бірақ олардың шамамен 16-сы өрт сөндіре алады. Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Тікұшақтардың жартысына жуығы көбіне жөндеуде болады. Біз ұшақ сатып алу үшін ақша сұрадық, бірақ қаражат қарастырылмаған. Сондықтан біз әлі ұшақ сатып алған жоқпыз, – деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.