English version

Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді

Контекст дня — 15 ноября 2022 17:30
0 -1

Белгілі ақын Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ақын бейнеүндеуінде айтты.

Әлеуметтік желіде Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты деген ақпарат тарады. Бұл туралы жазушы Құдияр Біләл өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

– Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Өйткен себебі, менің әйелім Ханшайым бар кезде мен дегенде ішкенасын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін, – деді Мұхтар Шаханов.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.