Шахмат шайқасы: Бибісара Асаубаеваға дау-дамай не үшін қажет болды? - Exclusive
Поддержать

Шахмат шайқасы: Бибісара Асаубаеваға дау-дамай не үшін қажет болды?

«Бүгінде Бибісара Асаубаева бір уақытта үш табыс көзінен қомақты қаржы алатын жалғыз спортшы. Спортшы 21 маусым күні жетекші шахматшыларды қаржыландыру көлемі бойынша, біздің жүргізген тергеу жұмыстарымызға жауап ретінде  жанжал тудыруы мүмкін деген болжамды ұстанамыз», – дейді Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ).

Мемлекет басшысымен кездесуден бір күн бұрын (22 маусым) Қазақстан әйелдер құрамасы Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаевамен кездескенін естеріңізге сала кетейік. Кездесу аяқталғаннан кейін жылдам ойналатын шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында Қазақстан шахмат федерациясы оларды (яғни шахматшы-спортшыларды) осы кездесуде бюджеттен ақша сұрау үшін пайдаланғанын жазған еді. … бізді Қазақстан шахмат федерациясының бюрократ шенеуніктерінен 3 млрд теңге сұрауға мәжбүрледі. Мұндай сорақы қойылымның куәсі болғаныма қатты қысыламын. Әлбетте, бүгін қойылымның басты дайындығы, яғни ҚШФ басшылығы ертеңгі Президентпен болатын кездесудің премьералық көрсетілімін әзірлеп жатқан болар, – деп мәлімдеді Бибісара Асаубаева.

– «Бибісара Асаубаеваның ПӘ жетекшісінің орынбасары Аида Балаевамен болған кездесуде федерацияның 3 млрд теңге қолдау сұрағаны туралы резонанс тудырған мәлімдемесін жиынға қатысушылардың барлығы, соның ішінде Аида Балаеваның өзі де, сондай-ақ, бес дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәліктің және тағы басқа спортшылардың жоққа шығарғанын айта кеткен жөн» – деп атап өтті Федерацияның вице-президенті, Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов.

– Біз Федерация басшылығының аккаунттарында және шахмат сайттарында барлығына қолжетімді даму тұжырымдамасын көрсеткен едік, онда ақша туралы бірде-бір сөз айтылмаған. Әрине, біз Бибісара Асаубаеваның дарыны мен әлеуетін өте жоғары бағалаймыз. Алайда, шахмат федерациясындағы әріптестерінің пікірінше, Бибісараның аккаунтын анасы Лиана Таңжарықова осындай жарияланымдар үшін пайдалануы әбден мүмкін, – дейді Дәрмен Сәдуақасов.

Сонда, бұл қандай мақсатты көздейді?

– 1 маусымда, Алматыда шахматшылармен болған кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев спорттың осы түріне қолдау білдіріп қана қоймай, ҚШФ басшылығы мен әйелдер құрамасын Ақордаға шақырғанын естеріңізге сала кеткім келеді. Бәлкім, әлеуметтік медиадағы жанжал 22 маусым күні Ақордада Мемлекет басшысымен болатын кездесу қарсаңында жағымсыз ақпаратты  қалыптастыру үшін қолданылған болар. Жиында біз өзіміз әзірлеген шахматты дамыту тұжырымдамасын таныстыруға тиіс едік. Дау-дамайдың басты мақсаты – сондай-ақ қаржы саласындағы жүргізген тергеу жұмыстарымызды жоққа шығарудың да әрекеті болуы әбден мүмкін. Өкінішке қарай, соңғы 10 жыл бойы қызының мүддесін көздеп жүрген  Лиана Таңжарықованың Қазақстан шахмат федерациясының барлық деңгейдегі басшыларымен болған арадағы барлық келеңсіздіктері, сондай-ақ Таңжарықова қызы Бибісараның Ресей шахмат федерациясына ауысуына бастамашылық танытқаннан кейін Ресей Федерациясында болған сот отырыстары мен резонанстық оқиғалардың бәрі көрермен қауымға, әсіресе, шахмат қоғамдастығына кеңінен танымал.

Ғалым Хусаинов бастаған біздің команда осы жылдың мамыр айында федерацияға жетекшілік жасауға кірістік. Біз мұндай қадамға жас таланттарды дамыту және шахматты танымал ету үшін жеке қаржыландырудың үлкен көлемін тарту мақсатында өз уақытымызды, ақшамызды, дағдыларымыз бен байланыстарымызды инвестициялап, қоғамдық негізде келген едік. Қаржылық жағдайға талдау жасап, біз ресми органдар мен ұйымдарға жетекші шахматшыларды қаржыландыру туралы ақпарат ұсынуларын өтініп, сауал жолдадық.

Алайда біз ҚШФ мен спортшы арасындағы келеңсіздік мәселесін асыра айтқымыз келмейді. Қандай жағдай болмасын, біз Бибісараға үнемі қолдау көрсетеміз, оны күні бүгінге дейін қалай қолдап келсек, алдағы уақытта да солай қолдаймыз. Осы жылдың көктем айында әлем чемпионатында өнер көрсеткен кезде, мен мұны Фейсбуктағы  парақшамда жариялап, көпшілікті спортшы қызымызға «қолдау білдіруге» үндеген болатынмын. Сол кезде анасы бұған дән риза болған еді. Конструктивті қарым-қатынас 1 маусымға дейін жалғасты. Бұл күні Мемлекет басшысының шахматшылармен алғашқы кездесуі болып өткенін, оған Бибісараның келмегенін тағы да естеріңізге сала кетейін.

Осыдан кейін Лиана Таңжарықова бәлкім өзге шахматшылардың Мемлекет басшысымен сәтті кездесуіне қызыға қараған болар, сөйтіп, өзінің  мінез-құлқын күрт өзгертіп, әлеуметтік желілерде менің және Галым Хусаиновтың жеке және отбасылық өміріне қатысты әдептен тыс жөнсіз ақпараттардыжариялай бастады. Біз мұндай арандатушылықтарға жауап бермедік.

Жансая Әбдімәліктің ФИДЕ әлемдік рейтингісінде қазақстандық шахматшылар арасында бірінші орында тұрғанын атап өту маңызды. Сондай-ақ Жансая Қазақстандағы барлық шахматшылардың ішінде ерлердің ең жоғары халықаралық гроссмейстер атағының жалғыз иегері. Динара Сәдуақасова Әлем кубогында әлемнің үздік сегіз шахматшысының қатарына қосылып,  әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді. Алайда, бүгінгі күні қаржыны бөлу меритократия принципіне мүлде сәйкес келмейді. Елімізде «Sport Qory» деп аталатын спортты қолдау қоры жұмыс істейді. Егер сіз Жансая Әбдімәліктен, Динара Сәдуақасовадан, ерлер командасының бірінші нөмірлі спортшысы Ринат Жұмабаевтан немесе ерлер мен әйелдер құрамасының басқа мүшелерінен «биыл бұл қор оларға қаншалықты көмектесті?» деп сұрайтын болсаңыз, онда жауап болмауы (нөл)  әбден мүмкін. Бибісара Асаубаеваға келетін болсақ, спорттан хабардар адамдар «Sport Qory»-на жыл басынан бері 93 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін жариялап та үлгерді. ҚШФ өзі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Бибісара Асаубаеваны федерация демеушілерінен алынған 22 миллион теңгеден астам қаржыға қаржыландырған болатын. Сондай-ақ бұдан басқа, Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан да қолдау көрсетілгені туралы алдын ала ақпарат бар. Мәселен, біз жақында Федерацияның барлық кірістері мен шығыстары туралы есеп бермекшіміз, алайда мен Таңжарықованың қаржылық қолдау ретінде  2022 жылы алған 100 миллионнан астам қаржыны қалай жұмсағаны туралы есеп ұсынуға дайын екеніне мүлде сенімді емеспін.

– Сонда қазақстандық шахматшылар арасында ең жоғары қаржы көзі Бибісараға тиесілі болғаны ма?

– Оған 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ең жоғары қаржы ғана емес, барлық жетекші шахматшыларға бөлінген қаражаттың барлығына жуығы  бөлінген болатын.

– Неге?

– Біз қазір осыны анықтауға тырысып жатырмыз. Сонда өзге талантты балалар, әлем чемпиондары, қолдауға лайық болмағаны ма? Бір спортшыны қаржыландырып, басқаларын мүлде қаржыландырмау дұрыс па? Біздің команданың федерацияға осыдан екі ай бұрын келгенін естеріңізге сала кетейін, бәлкім ақша қаражатының әділ бөлінуін қамтамасыз етуге тырысып жатқанымыз бәз біреулерге  ұнамай жатқан болар.

Бибісараның анасы Лиана Таңжарықова, Қазақстан атынан ФИДЕ делегаты болғысы келетінін айтады. Бұл қандай мәртебе? Ол не береді?

– 15 маусымда ҚШФ президенті Ғалым Хусаинов пен федерацияның бірінші вице-президенті Руслан Ысқақов ол кісімен кездесу өткізді. Олардың айтуынша, Лиана Таңжарықова ФИДЕ-де Қазақстан атынан делегат болғысы келетінін мәлімдеген. Ұлттық федерацияны халықаралық деңгейде ұсынатын тұлға ұлттық федерацияның саясатына ықпал етеді, мәселен, халықаралық турнирлер өткізуге бастамашылық танытып, қаражаттың бөлінуіне ықпал етеді, ал аталған жағдайда Таңжарықова ханымның іс-әрекеті  мүдде  қақтығысын тудырып отыр. Спортшының ата-анасы ФИДЕ делегаты қызметін қоса алғанда, Федерацияда басшылық қызметтерді атқара алмайды, өйткені өз баласының пайдасына қаржылық және саяси шешімдер қабылдауы бек мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайды түсінген өзге шахматшылардың ата-аналары Лиана Таңжарықованың федерация басшыларының бірі болуға тырысып жатқан талпынысына наразы. Олардың пайымынша, мұндай жағдай  ресурстарды бөлу кезінде маңызды бола түсіп, басымдыққа айналады деп санайды, бұл іс жүзінде, қазірдің өзінде байқалып отырған құбылыс. Федерацияның міндеті – меритократия мен тепе-теңділік қағидаттарына негізделген қоғамдық ұстанымды білдіру. Басқа да дарынды шахматшылардың, халықаралық турнирлердің чемпиондары мен жеңімпаздарының ата-аналары Бибісара Асаубаева мен Лиана Таңжарықованың мәлімдемелеріне теріс көзқарас танытып, ашық үндеу арқылы баспасөзде өз ұстанымдарын білдірді.

Дау-дамай Федерацияның қызметіне қалай әсер етті?

– Біз жоспар бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. Ең алдымен әрі аса маңыздысы – шілде айының соңында Үндістанда өтетін Олимпиадаға дайындық жүргізудеміз. Оған қазақстандық және шетелдік жаттықтырушылар тартылды, соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиынына дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылық мәселелер, визалық қолдау, ұшу, баспана және т.б. түйткілдер шешілуде.

Екіншіден, біз 22 маусымда болған өткен кездесуде  Мемлекет басшысына Қазақстанда шахматты дамытудың тұжырымдамасын әзірлеп, ұсынғанымызды өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазіргі уақытта оны жүзеге асырудың жол картасын пысықтап, үлкен жұмыстарға дайындалып жатырмыз. Оның басты бағыттарының бірі шахматты кеңінен насихаттау және шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу болмақ. Бұған дейін бірнеше пилоттық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде Шымкенттегі барлық жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру пәнінің үшінші пәні ретінде шахмат ойыны енгізілді. Балалардың дамуына шахматты енгізудің әсері өте жақсы болмақ, бұл бағытта біз ФИДЕ-нің қолдауымен озық оқыту әдістерін қолданбақшымыз.

Бұдан өзге, федерацияның өткен кезеңдегі бюджетіне жүргізілген талдау аяқталуда, алдағы кезеңге жоспар құрылуда. Бұл мәселеде біз толық ашықтық пен есеп беруді қамтамасыз ететін боламыз. Таяуда есепті әзірлеп,  жұртшылыққа ұсынамыз.

Шахматты дамытуға қаражат тартуға қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы айда біз Федерацияның Қамқоршылық кеңесін құрамыз, оның құрамына бизнестің бірқатар өкілдері мен белгілі тұлғалар кіруге өз келісімдерін берді. Олардың қолдау білдірулерінің арқасында жеке сектордың шахматты қаржыландыру көзі артады.

Соңғысы, біз ФИДЕ президенті Аркадий Дворковичпен кездесу өткіздік. Онда тұжырымдама туралы әңгімелестік, Қазақстанда халықаралық жарыстарды өткізу жоспарларын талқыладық. Бұл қазақстандық шахматшылардың әлемдік деңгейдегі турнирлерге іс жүзінде қатысуына мүмкіндік, сондай-ақ шахматтың танымалдығын арттыруға жаңа серпін берері сөзсіз. Тұтастай алғанда, ФИДЕ-ден барлық мәселелеріне қатысты, соның ішінде жоғарыда мен атап өткендей, «Мектептегі шахматты» дамыту бағыты бойынша толық қолдау көрсетілді. ФИДЕ-де түрлі елдердің  үлкен әдістемелік және практикалық тәжірибелері жинақталған, мұның бізге беретін пайдасы өте зор.

Біздің басты мақсатымыз интеллектуалды ұлт қалыптастыру болмақ, ол үшін біз қазақстандық балаларды шахмат спортына барынша тартуды, әрбір ауылдық және қалалық мектепте шахмат клубтары мен секцияларын ашуды, әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды шахмат сабақтарына баулу бағытындағы жұмыстардықамтамасыз етуге тиіспіз.

Дау-дамайға айналған тақырыпты осымен жабуды ұсынамын және жетекші шахматшыларымызға Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдіремін.

Ресей туы астында

Екінші тарапты да тыңдау мақсатында Exclusive.kz сайты Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықоваға жолыққан еді.

Шахматтың шынымен де дау-дамайсыз, қоғамдық шусыз еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын спорт түріне айналғаны ма?

– Шахмат, өкінішке қарай, барынша саясаттандырылған спорт түрі. Осы жерде өткен кеңестік кезеңді еске түсірудің өзі  жеткілікті-ақ. Батыс пен ССРО тек қару-жарақ бәсекесінде ғана емес, спортта да жарысып бақты. Әсіресе, шахмат саласында. Сондықтан шахмат қазір ғана дау-дамай ордасына айналды деу, түбегейлі жаңсақ пікір. Спортта, саясатта, бизнесте, кез-келген бәсекелестік ортада жеңіске тек күресте ғана қол жеткізуге болады, бұл – аксиома. Тағы бір маңызды тұсы, бұл үрдістің қалай жүретініне байланысты. Сыпайы қарсыласпен адал, ашық түрде, шахмат тілімен айтқанда – «тақта үстінде» күресу қажет. Алайда, егер қарсылас спортшы болмаса және спорттық заңдар оған жат болса, онда оны тек өз қаруымен ғана жеңуге болады. Бұл ретте таңдау тәсілінің көп болмайтыны белгілі: қоғамдық пікірдің жариялы әрі үйлесімді болуы маңызды.

– Сіз Қазақстанның шахмат Федерациясына басшылық қызметке орналасуға әрекет жасадыңыз ба?

– Ешқашан! Мен мұндай әрекеттерді қарапайым себептерге байланысты ешқашан жасамаймын да. Бибісара жарыс кезінде жаттықтырушылар штабына мұқтаж, ал мен осы команданың бір бөлігі болып саналамын.

– Алайда қазір барлығы сіздің Қазақстан атынан  ФИДЕ делегаты болғыңыз келгенін айтуда, бұл сізге не үшін қажет болды?

– Бұл – шындық. Мен ФИДЕ делегаттығына өз кандидатурамды ұсынғаным рас.Сізге түсінікті болу үшін айта кетейін, бұл әлемдік шахматтың орталық миы іспетті, яғни әр елден тек бір ғана делегат ұсынылады. Менің шахмат әлемінде өмір сүріп жатқаныма 13 жыл болды және ҚШФ тісі батпайтын, мылқау әрі саңырау делегаттарды әдейі жіберетін сияқты әсер қалдырады. Олардың бір ғана міндеті – дыбыс шығармау, үндемеу. Хусаинов мырза (ҚШФ Президенті – Ред.) барлық жерде үнемі Өзбекстанды тамаша шахмат державасы ретінде мысалға келтіреді, біз оған еліктеуіміз керек дейді.  Біз, Қазақстан, Орталық Азия федерациялары жиналған аймақтың бір бөлігіміз және соңғы 22 жылда бұл бөлімшені Өзбекстан өкілі басқарып отыр. 22 жыл! Бұл ҚШФ-ның сүйікті тақырыбы. Ол бұл туралы өзбектердің болмашы жетістігі мен өзінің  кез-келген сәтсіздігі кезінде ғана айтады, тіпті өзгеріс бастамашыларының аузын жабуды жөн көріп, жағдайдыөзгертуге тырыспайды. Біз ҚШФ топ-менеджменті туралы сөз қозғағаннан кейін, оның әлеуетінің дисфункциясына да нақты мысал келтіруге рұқсат етіңіз. Қарапайым тілмен айтқанда, оның шахмат әлсіздігі туралы. Дәрмен Сәдуақасов мырза ҚШФ вице-президенті болғанына бір жарым айдан асты. Бұл қызметті ол 2010-2015 жылдары атқарған болатын. Несімен есіңізде қалды? Мүлгіген тыныштығы мен ойын алаңынан үнсіз кетуімен ерекшеленді.

–  Біздің білуімізше, Бибісара Мәскеуде тұрады және сонда жаттығады. Бірақ ол мектепті Маңғыстау облысында Алтын белгімен бітірген. Бұл онлайн режимінде жүзеге асты ма?

– Иә, Бибісара Мәскеуде жұмыс істейді, бұл мәжбүрлі қажеттілік. Қазір ол жерде жаттығу жасау әлдеқайда ыңғайлы, нәтижелі әрі тиімді: Ресей – экстра-класс жаттықтырушыларының таңдауы бар үлкен шахмат державасы. Бибісара мектебін күндізгі бөлімде аяқтады, алайда күнде баруға мүмкіндігі болмады. Әр тоқсан сайын келіп, емтихан тапсырып, тапсырмалар алып отырды. Бұл спортшылар үшін үйреншікті тәжірибе, ол білімге құмар және өте талапшыл адам. Осы қасиеті оны Алтын белгімен қамтамасыз еткені сөзсіз.

– 2016 жылы ҚШФ-мен арадағы жанжалдың туындауына не әсер еткенін еске түсіруге бола ма, осы жағдайдан кейін сіз Бибісара екеуіңіз Ресейге кетіп қалдыңыздар?

– Сіз қателесіп тұрсыз. Бұл ҚШФ-мен емес, тіпті олар қазір көрсетуге тырысып отырғандай,  Отанмен де болған дау-дамай емес.  Бибісараның кәсіби спорттық өсуі мен дамуының қажеттілігі басты себептердің бірі болды. Сол кезде оған үздік спортшыны жеңу үшін ең үздігімен ойнауы керек еді.  Бұл дегеніңіз Қытай, Үндістан, Ресей. Сондықтан біз Ресейді таңдадық, оның үстіне РШФ Қазақстан азаматтығын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Баға жетпес тағылым мен тәжірибе ала отырып, біз елге оралдық және республикамыз үшін ересектер арасында екі пән бойынша  бірінші және әзірге жалғыз марапатқа  – алтын мен күміске қол жеткіздік. Бибісараның бұл чемпионаттардағы басты қарсыластары Ресей құрамасының бірінші және екінші нөмірлі спортшылары болды. Бибісараны 2016 жылы Қазақстаннан кетіп қалды деу – өтірік қана емес, бұл жабылған жала. Ең үздіктерден үйрену – табысқа жетудің сыры емес пе? Әлия Юсупова, Элизабет Тұрсынбаева, біздің Денис Тен – барлығы шетелде, шетелдік мамандардан тәлім алып, жаттыққан. Олардың бойында патриотизм жоқ деп айыптайтындар бар ма?

Бұл сұрақты не үшін қойғаныңызды мен жақсы түсініп отырмын. Жауап сізді қанағаттандыру үшін өзге жәйттердің барлығы қоғамға қатысты емес және оны қызықтырмауы қажет дегенді айтқым келеді. Өткенде болған оқиға, сол жерде қалуы тиіс.

Бірақ, сіз атап өткен спортшылар (Элизабет Тұрсынбаева, Әлия Юсупова, Денис Тен және есімі аталмаған Геннадий Головкин) шетелде жаттығып жүрсе де, туды ауыстыратындарын  ешқашан айтқан емес. Сіз ол кезде, егер Владимир Владимирович Путин Ресей төлқұжатын қолыңызға жеке табыс ететін болса, онда  Ресейде қалатыныңызды  көпшілік алдында айттыңыз ғой. Сіздер 2019 жылға дейін барлық турнирлерде сол елдің туы астында өнер көрсеттіңіздер, ал сіз атаған спортшылар тек өз елі үшін жарыстарға қатысты. Егер Путин сізге төлқұжат тапсырған жағдайда, онда сіз Қазақстанға қайтып оралмас па едіңіз?

– Құлақ салыңызшы, айту және оны жүзеге асыру екі түрлі әрекет. Егер Путин төлқұжатты  тапсыратын болса, азаматтықты өзгерту жөнінде айтылған пікірлердің барлығы жалған, алдамшы екенін жеткізгімдегім келеді. Сол жылдары Шейн Перкинс, кіші-Рой Джонс, Ан Хёнсу, Стивен Сигал Ресей Президентінің қолынан төлқұжат ала бастады. Мен мұндай хайптарды әдейі жасадым, – менеджер ретінде Бибісараға деген қызығушылықты оятуым керек еді. Сараның Ресей туымен өнер көрсетуі – бұл мәжбүрлі шара болды. Бұған бізді ФИДЕ ережесі мәжбүрледі – қандай да бір ұлттық федерация қатарында болмасаң, онда шахмат турнирлерінде өнер көрсетуге болмайды. Алайда Бибісараның әлеуетін бағалай отырып, ресейліктер бұрын-соңды болмаған қадамға барды, олар спортшыны шетелдік төлқұжатпен РШФ-ның құрамына тіркеді. Ресей Шахмат федерациясының президенті А.В.Филатов мырзаға ережеден  осындай ерекшелік жасағаны үшін үлкен алғыс айтамын және тағзым етемін.

Сіздер қайтып оралғаннан кейін, ҚШФ Президенті Бейбіт Атамқұловпен араларыңызда түсініспеушілік туындады. Енді міне, екі ай да жұмыс істемеген Ғалым Хусаиновпен тағы да келіспеушіліктер пайда болды. Мұндай жағдай неліктен орын алып отыр?

Дереккөздеріңіз сенімсіз, ақпараттарыңыз жалған. Сарамен де, Атамқұловпен екеуіміздің арамызда да бірде-бір жанжал болған жоқ. Толығырақ айта кетейін – оған қатысты ешкімнің шағымы да, сұрағы да болған емес. Жанжал деп атауға болатын жалғыз жағдай – біз, яғни ата-аналар, ФИДЕ-де ҚШФ-дан аккредиттелген делегатқа қарсылық танытқан кезде орын алған болатын. Ол қазақстандық шахматтың тағдырына бей-жай қараған Ресей азаматы еді. 10 жыл бойы бұл адам, яғни этникалық қазақ, өзінің тарихи Отанына қызмет ету үшін қолының ұшын да тигізбеді.

Ал енді ең бастысы – қаржы туралы. Желіде Бибісараның үш қаражат көзінен, яғни тек осы жылдың өзінде ғана «Sport Qory» спортты және туризмді қолдау қорынан (93 млн теңге), Қазақстан шахмат федерациясынан – 24 млн және Маңғыстау облысы әкімдігінен қандай да бір сомада қаражат алғаны туралы ақпарат кеңінен тарауда. Бұған түсініктеме бере аласыз ба?

– Сіз атаған сомалар нақты емес. Сұрағыңызға толығырақ жауап бермес бұрын, әуелі мынаны еске түсіру керек.  Бибісара балалар мен жасөспірімдер турнирлерінде жеңіске жеткен болашағы зор шахматшы ғана емес. Ол Қазақстан тарихындағы  шахматтан ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы және вице-чемпионы. Ол әлемдік деңгейдегі спортшы. Мұны әрдайым есте ұстау қажет және ешбір бүркемесіз айту керек. Оның жетістіктерін біздің өзге де талантты шахматшыларымыздың жетістіктерімен салыстыру шындығына келгенде дұрыс емес (осындай шындық үшін маған ренжімесін). Қазақстанның шахмат мектебі туралы әлемде тек 2022 жылдан бастап, өте жас әрі болашақ жеңістері алда тұрған  Бибісараның қол жеткізген табыстарынан кейін ғана айтыла бастады.

Енді тікелей сұрағыңызға келсек. Осы жылдар бойы Бибісараның отбасы, достары, жанкүйерлері және оның талантына сенген жеке меценаттары оның басты демеушілері болды. Тарихи чемпиондық атақтан кейін ғана Президент Қ.К.Тоқаевтың араласуының арқасында Бибісара спортты қолдау қорынан (Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператор. – Ред.) қолдау тапты. Мен жекелеген шахмат функционерлерінің наразылығына айналған 93 миллион теңге туралы айтып отырмын. Бұл ақпарат БАҚ-та ҚР Президентінің грантын еліміздің және әлемнің үздік шахматшысына қысым жасау құралы ретінде пайдалануға шешім қабылдаған ҚШФ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовтың арқасында көрініс тапқанын айтып кету керек.

Барлығына түсінікті болуы үшін айта кетейін, мұндай ақшаға сіз көлік, пәтер, зергерлік бұйымдар немесе демалыс орнына билет сатып ала алмайсыз. Бұл жаңа жеңістер мен жетістіктерге салынған инвестиция. Үздік жаттықтырушылардың, спарринг-серіктестердің, психологтың, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушының қызметтері – бұл қажетті шығындардың толық тізбесі емес. Мәселен, ең жақсы шеберлердің жаттықтыру ақысы сағатына 70-тен 150 €-ға дейін  тұрады. Маңғыстау облысының туризм және спорт басқармасы да бізге көп көмегін тигізуде. Мұндай көмек құны – 24 миллион теңге емес, жылына 5-6 турнирді өткіудің төлемақысы. Көптеген шығындарды біз әлі де болса  өзіміз төлеп жатқанымызды айта кеткім келеді. 93 миллионды бізге спорттық сөмкеге салып, ақшалай  қолма-қол бермегенін тағы да қайталап айтамын, бұл қаражат дамуға арналған және бұл қатаң есептегі ақша қаражаты саналатыны белгілі.

– Блогерлер Бибісараның 2022 жылға арналған бюджеті 100 миллионнан астам соманы құрайтынын анықтап, оны әлеуметтік желілерде жариялады. Тіпті кейбір адамдар ҚШФ мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаражатын айтпағанның өзінде,  Шахматты дамыту қорынан 186 млн – 93 млн сома, сондай-ақ  «Sport Qory» қорынан да осындай сома алынғанын атап өтуде.  Шахмат қоғамдастығы, яғни ата-аналар, жаттықтырушылар және қазіргі спортшылар — бұл бір жылда жұмсалмайтын үлкен қаражат сомасы (олардың есептеулері бойынша бұл үшін 30-40 миллион жеткілікті) деп мәлімдейді.  Сіздердің шығындарыңыз көп делік, онда қазақстандық шахматшыларға 3 млрд керек емес деп, өзге  шахматшылардың дамуы үшін қаржылық мүмкіндікті неліктен жоққа шығарып отырсыз?

Мен де, Бибісара да қаражаттың отандық шахматтың қажеттіліктеріне бөлінуіне мүлде қарсы емеспіз, керісінше,  біз тек оны «қолдаймыз». Бірақ, бюджеттен үлкен көлемде қаржы сұрамас бұрын,  мұндай қомақтысоманы қайда, не үшін  жұмсайтыны жөнінде  ҚШФ-да нақты жоспар болуы тиіс. Ал ақша беріңіз, оны кәдемізге жаратамыз деген идея – бұл жоспар да, стратегия да емес. Бұл паразиттік тәсіл және алыпсатарлық сенім – басқаша анықтама таңдау мүмкін емес. Олар мектептерде факультативтік шахмат сабағын енгізу керек дейді. Жақсы. Ал сіздер пилоттық нұсқаны сынап көрдіңіздер ме? Сіздерде еліміздің барлық мектептері үшін оқытушылар штаты  бар ма? Сіздерде мұндай жаңашылдықты бағалау әдістемесі бар ма? Ең бастысы – кеше тағайындалған байғұс бастамашылар бюджеттен халықтың ақшасын сұрау мақсатында еліміз үшін, ҚШФ үшін не істеді? ҚШФ Президенті  Хусаинов мырза кедей адамдар қатарында емес, ол елдегі ең ірі банктің («ЦентрКредитБанкі» АҚ – Ред.) Басқарма Төрағасы. Егер ол ең әуелі шахматты дамыту үшін бизнес серіктестерінің капиталын тартып, содан кейін ғана жеке өнеге үлгісі арқылы  Мемлекет басшысынан қолдау сұрай бастайтын болса, мен оның алдында басымдағы бөркімді шешіп, оның шешімдеріне ешқашан қарсы шықпас едім.  Қараңыз, енді не болып жатыр? Еліміздің ең ірі қаржыгері, банк секторының акуласы шахмат саласына келгеннен кейін бір аптадан соң Президенттің ұлттық құраманы Олимпиадаға жіберемін деген уәдесін пайдаланып (2022 жылғы 28 шілде, Ченнаи, Үндістан – Ред.),  өзінің жеке басының қамы, эгосы үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын түсініксіз жағдайда қысқартуға және пайдасы жоқ бос шығындарға жұмсауға тырысады. Егер команда Олимпиададан жүлделі орындармен оралған болса, мұндай әрекетті ақтауға болар еді. Аталған жағдайда бұл алдын ала босқа үміттендіру…   Мұндай мінез-құлық пен әрекеттер тәуелділік пен ашкөздік ретінде көрінеді.

Мұқабадағы суреттер ашық дереккөздерден алынған.

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.