Шайхутдинов тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды
Биылғы жылдың наурыз айында қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деген айып арқалады.
Марат Шайхутдинов үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеді деген күдікке ілінді. Ulysmedia.kz дерегінше, Шайхутдинов қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
63 жастағы Марат Шайхутдинов 2009 жылдан бастап Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары, 2015 жылдан бастап бірінші орынбасары болды.
2007-2009 жылдары Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры болды.
2006-2007 жылдары сыртқы саясат орталығында қызмет атқарды.
2000-2005 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің директоры болды.
Фото: Ақорда
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.