«Шалдың жүйесін өзгерту керек»: Депутат жазбасына қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин facebook парақшасында жазба жариялады.
– Әділдік құру үшін! Әділ мемлекет құру үшін — шалдың жүйесін өзгерту керек! Әділ экономика құру үшін — қыз-күйеудің жүйесін бұзу керек! Әділ қоғам құру үшін — інісінің сектасын жоқ қылу керек!, – деп жазды депутат.
Депутаттың бұл пікірі қызу талқыға түсті. Оқырмандар жазбаға қатысты түрлі пікір жазды. Бірі қолдайтынын айтса, кейбірі бұл пікірге қарсы екенін жеткізді.
Кейін депутат бұл жазбаға қатысты түсініктеме берді. Жаңбыршиннің пікірінше, жүйе өзгермей «әділ Қазақстан» құру қиын.
– Азғантай пікір! Ағайын!
Кешегі пост мемлекетте, экономикада және қоғамда әбден қалыптасып қалған ЕСКІ ЖҮЙЕГЕ арналған. Мағнасына мән беріңіз! Жүйе өзгермей ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАН құру қиын. Өзгерістер басталып жатыр, бірақ ескі жүйе сахнадан кеткісі келмей арпалысуда. Постымды жеке тұлғаға қатысты жазған пікірлеріме қарай бұрмалап, ақпараттық шабуылдар жасауда соның бір көрінісі! Бұл заңдылық! Билігі мен байлығын кім оңай бере қояды?! Қолдау білдіріп отырған қазақстандықтарға рахмет! Ауызбіршілікпен, ақылмен, біліммен, сабырлықпен, табандылықпен және мықты рухпен ЕСКІ ЖҮЙЕНІ өзгерте аламыз! Елде бейбітшілік, басымыз аман болғай! Құрметпен,
Еділ Жаңбыршин, – деп жазды ол.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.