Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Ақорданың ресми хабарламасында.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management бітірген.
Ол 2022 жылы “Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып тағайындалған еді. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастаған.
Фото: hcsbk.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.