Шекара қызметі дума депутаты Затулин туралы сұраққа жауап бере алмады
16 тамызда өткен брифингте Азаттық тілшісі шекара қызметінің өкілдеріне «Ресей үкіметі Қазақстан шекарашылары қабылдаған елге кіргізу не кіргізбеу туралы шешімге ықпал ете ала ма?» деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Шекара қызметі Қазақстанға келуіне тыйым салынған дума депутатына елге кіруге рұқсат беру себебін түсіндіре алмаған.
Сол себепті ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Ағаділов бұл сұрақ бойынша сыртқы істер министрлігіне жүгінуге кеңес берді.
Айта кетейік, мамыр айында «Қазақстан Украинаның кебін киюі мүмкін» дегкн Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Ресей СІМ араласқаннан кейін Қазақстанға кірген еді.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.